Өлеңдер Archive

«АРМАН ҰРЛАЙДЫ ӘР КҮНІМ МЕНЕН…»

  Талапбек ТЫНЫСБЕКҰЛЫ Қылығымды сынайтын көп, Жыры ұғымды ақын деп. Руымды сұрайтын көп, Түбі кімге жақын деп.   Адам ата арғы жағым, Бергі тегім Алаштан. Тақымымда арғымағым, Белгі төрім ағаштан.   Жасырмадым бар шынымды, Бас ұрмадым ешкімге. Аллаға аян жан сырымды, Адам ұқпас бес күнде.   Тұлпар мініп, ту ұстаған, Сөз ұстаған бабамды. Ұрандасам ұлыс
Айдар: Өлеңдер

Талапбек Тынысбекұлы. Алтай мұңы (ВИДЕО)

Талапбек Тынысбекұлы. Алтай мұңы (ВИДЕО)
Айдар: Өлеңдер

Талапбек Тынысбекұлы. Атау кере (HD ВИДЕО)

Талапбек Тынысбекұлы. Атау кере (HD ВИДЕО)
Айдар: Өлеңдер

Жарық жалған – Т.Тынысбекұлы (АУДИО)

Оқыған: Гүлназ Нұржан
Айдар: Өлеңдер

Атамекенді аңсау – Талапбек Тынысбекұлы (ВИДЕО)

Атамекенді аңсау – Талапбек Тынысбекұлы (ВИДЕО)
Айдар: Шығармалар

Талапбек Тынысбек. Қайыңдайсың Қабада өскен (ӨЛЕҢДЕР)

Сен менің оқы жырымды   Оңаша қалсаң бөлмеңде, Альбомыңды ашып көргенде. Өткен күн түссе есіңе, Келмеске кеткен дей көрме. Өрт сезім лаулап кеудеңде,                 Сен менің оқы жырымды.   Құрбылар бірге жиналса, Ұсыныс саған ұйғарса. Ақтарып ашшы сырыңды, Отырыс тарқап тынғанша, Ұнатқаның шын болса,               Сен менің оқы жырымды.   Құшқанда жарың ұмсынып, Қиғылық қылсаң
Айдар: Өлеңдер

Сүттібұлақ

Бұғытының баурайы сүтті бұлақ, Келер күнді күні-түн күттім ұзақ. Қасиеті сақталған қазағымның, Абағына болған  ең құтты жұмақ.   Ұранды ұлы ұстаған ұлысымның, Туын көрдім төрінен туысымның. Кең мекенде кеткені-ай тынышымның, Ұрпағының шайқады ырысын кім?   Жаза көрген бұл дала аза көрген, Қашан жоңғар қазаққа маза берген? Бұлт үйіріліп байрағы қожа берген, Қол бастаған соңынан тәмам
Айдар: Өлеңдер

Талапбек Тынысбек. Келіспесе көңілдің күйі кейде

Келіспесе көңілдің күйі кейде, Кінә тағып жүреміз дүйім елге. Бірі төрге сүйрелеп бірі көрге, Сүйінем де қоямын күйінем де. Алақанмен тосқандай жүзін күннің, Жаба тоқып жасырам мінін кімнің? Әләуләйі әлдилеп бүгінгінің, Сөзін айтам сандырақ бұрынғының. Жылау көрген кезім көп, шыдам жеңген, Шежіресін шертеді жырау кеудем. Өтіп жатқан өмір ай бұғаулаумен, Жауабы жоқ зымырып сұраулармен. Жуындыңды
Айдар: Өлеңдер

Талапбек Тынысбек. 1986. Ызғырық

Талапбек Тынысбекұлы. 1982 жылы қазанның 17- жұлдызында Алтай аймағы Қаба ауданында туылған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты. Халықаралық, Еспубликалық жыр мұшайраларының жеңімпазы, Халықаралық жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Ақын шығармалары «Жас толқын», «Қоштасқым келмейді», «Егіз арна», «Гүл көктем», «Алатау жырлайды» қатарлы жыр жинақтарына енгізілген. www.talapbek.kz авторлық сайыты жұмыс жасайды. Республикалық басылымдарында өлең, әңгімелерімен
Айдар: Өлеңдер

Талапбек Тынысбек: Сағақ ойым сетінейді шылбырдан

Ескіжұрт   Үһілесем үн қосқан ырғайлы шың, Жыр қайғысын ақынның тыңдаймысың? Сағынышым санамда ұлғайды шын, Ақ бөркіңді алыстан бұлғаймысың?   Жұпар лебі жұбытып аршылы қыр, Алқабыңда адасып қанша әнім жүр?. Жете алмадым, шаршадым, аңсадым құр, Жұрт ойды екен жоныңнан қай сағынғыр?!   Тәңірімнен енші алған төсін еміп, Егілтесің ескіжұрт есіме еніп. Кербестіге мінетін кекіл өріп,
Айдар: Өлеңдер