Қазақтың көрнекті қаламгері, жазушы-ұстаз Жақсылық Сәмитұлымен жүздесіп, дидарласудың жөні келді. 2007 жылы 23 маусым, Алматыдағы «Студенттер сарайында» өтетін Оспан батыр Сіламұлының туғанына 100 жыл толуына арналған Халықаралық ақындар айтысының шақыру қағазын жеткізіп беруді, батрдың немересі Өркен Нәбиұлы досым маған тапсырған еді. Бала күнімізден кітаптарын жастанып оқып, кейіпкерлерін жатқа соғатын жазушыңмен дидарласудың өзі бір ғанибет қой.