Қайырлы болсын қазаң қазақ елі, Еседі атыраптан аза желі. Топ тобыңмен торғайдан қырылатын, Ажалың да недеген ғажап еді?!   Берген кезде таңырым басқа бақты, Қайғы торлап алғаны-ай қас қабақты. Сақалдыны салдаттар топтап атты, Салдаттарды самолот отқа жақты.   «Тіріні темір жеген» ғасыр көрдік, Алаштың қартын көмдік, жасын көмдік. Біріңді бірің атып сұлатқанмен, Бұл емес біз