Ауылдың сырт жағынан өтетін талай жылдар ізін жасырған көне темір жол төсеніші  болған қатарласа тізілген ағаштарды санай, екі реліске екеуі шығып алып жүріп келеді. Бір-біріне қолдарын созғанмен жетпейді, енді іліне бергенде релістен түсіп кетеді. Бейне төсеніші бір, тірлігі бөлек қос реліс тағдырларын алға сүйреп келе жатқандай. Бұл жолға әдейі қызық көріп Гүли ертіп келген еді.