Той жасауды тағатсыздана күткен қалыңдықтың неке күні таяған сайын бойын шаттық пен қуаныш билеп әрлене берді. Әлде неге алып ұшқан жүрегі тәтті ұйқысынан да талай оятты. Күндер бойы қияны қыдырып, әлемді шарлаған қиялы, түндер бойы сан қилы түстерге жетеледі. Оның бұл қуанышының мәні де маңызы да зор еді. Анасынан туғалы сынаптай сырғыған жиырма бес жылдық