Талапбек Тынысбек. 1986. Ызғырық

Талапбек Тынысбекұлы. 1982 жылы қазанның 17- жұлдызында Алтай аймағы Қаба ауданында туылған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты. Халықаралық, Еспубликалық жыр мұшайраларының жеңімпазы, Халықаралық жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Ақын шығармалары «Жас толқын», «Қоштасқым келмейді», «Егіз арна», «Гүл көктем», «Алатау жырлайды» қатарлы жыр жинақтарына енгізілген. www.talapbek.kz авторлық сайыты жұмыс жасайды. Республикалық басылымдарында өлең, әңгімелерімен қоса, сын-ғылыми мақалалары да үзбей жарияланып келеді.

 1986. ызғырық

1986. Ызғырық,

Ел көңілі еншіледі мұңлы жүк.

Тағдырыңа таңба салар шындық ұқ,

Бас болам деп бақылдаған бір мұжық.

 

1986. Ызғырық,

Осы болды озбырларға тың қызық.

Халық теңіз буырқанды шың бұзып,

Боздақтарын бостандыққа қырғызып.

 

1986. Ызғырық,

Жеңіс үшін жең байласып жылжыдық.

Жастарымыз аталмады құр бұзық,

Ұл ұжданын, сақтай білді қыз қылық.

 

1986. Ызғырық,

Өктемдікті ор қаптырдық біз жығып.

Ұлт рухы бұғауланған үзді жіп!

Аза қылу бүгін ерен ізгілік,

Әлем халқын орынынан тұрғызып.

1986. Ызғырық,

 

Өскен ел (толғау)

Туылғанда біз осылай өскен ел,

Ғұмыр бойда қиыр жайлап көшкен ол.

Ғылым жолға салсадағы кеш бедер,

Бүгінде айда, дұшпан бұғып, дос көнер.

 

Көрдің заман ошақ сынып, от сөнар,

Қалдыңба аман азап, мұңнан көп төнер?.

Қыраттарың қызыл қанды кешкен ер,

Көз жасы елдің десем анау көппе көл.

 

Кең халықпыз дұшпан күлсе доспа дер,

Ер халықпыз ұл туса дер оққа бер.

Мал бағыппыз кенде қалып басқа өнер,

Қарманыппыз басып өшпес тасқа мөр.

 

Өткен күнің тарихтан екшелер,

Жеткем жырын өрнектеуге тек шебер.

Өскендігін өр еңсеңнің шет көрер,

Өктемді елдер осылар деп көшпелер.

 

Кезің кетті шаңын жұтып көшке ерер,

Сенімді етті баба рухы дес берер.

Көмілмепті сырларың тау, көк кемер,

Безілдетті қос ішектен текті өнер.

 

Ат ойнатып қыя жартас беттен өр,

Атойлатып шықсаң жауың сескенер.

Атан бақыт жатсада өзге жетсе дер,

Қашанда ашық пейіліңе ел бек сенер.

 

Сара тілді жырау, жыршы, төкпелер,

Дана тудың елдігіңе бет, бедел.

Паратыңның айбыны ғой деп келер,

Әр ақынның жырын оқып өпсе жел.

 

Ғылымменен қыйырларға беттеді ел,

Бүгін неден несібеміз шеттелер.

Күбірлеген сыр ұқтырып көкке жер,

Менің байтақ мекенімді мекке көр.

Әмәндә асыл, көркейе бер өскен ел.

17.06.05

                               Қайран Мағжан!        

 «Мен жастарға сенемін»

 Мағжан Жұмабаев

 

Қайран Мағжан, сенген жасың біз болдық,

Шыны арман, «Нұры» жалған ізге ердік.

Айран болған ақылыма ақыным,

Ойран болған дарымады сізден құт.

 

Қайран Мағжан,

Армандаған күн бе осы?

Жалғанбаған үмітімді үзбеші.

Ұлтым деген ұлға мекен түрмесі,

Құлқын жеген қуға мекен мінбесі.

 

Қайран Мағжан,

Қайдан маған ой салдың?

Қайғы арманын түсінемін қай шалдың?!

Ұлтым десең сілкінбесе – Байсалдым,

Мен жастардан тайсалдым.

29.05.09

        Ескерту  

Отан десе отқа оранам елбеңдеп,

Арманыма куә менің жермен-көк.

Қазақстан деген елде әлемде,

Қазақ ұлты сорлы десе сенгем жоқ.

 

Шелденгенің неге керек елден жеп,

Ұлт жарасын жаза алмасың енді емдеп.

Алашының арын сатқан сатқынды,

Анашымнан туылғалы көргем жоқ.

 

Өгей елде атақ, мансап, орден көп,

Опасыздың отын жағып бергем жоқ.

Атамекен ауасы ортақ бауырым,

Бай қорасын күзетуге келгем жоқ.

 

Жатқа жылап жастық өтті телмеңдеп,

Көкңілімді шеңбектейді шер меңдеп.

Кең далада керіспелің сен, мен деп,

Ей бауырым, орынымды бер жөндеп.

 

Баба жырын айтсам айтам безбендеп,

Сүйегіңді мұжымаймын сөзбен жеп.

Ақылыңа кел ағайын, жай ғана-

Жүре берем барлығына төзген боп.

19.01.09

 Майдандамын

Мекенім менің бабадан қалған кең аймақ,

Төсіне жортқан Көк дөнен, Қу бас, Көк ойнақ.

Көк тудың нарқын көрмеген ермін кем ойлап.

Көк түрік рухын көрсетем саған көр ойнап.

 

Бесіктен естіп әнменен күйдің күмбірін,

Ұлымын елдің найзамен кескен кіндігін.

Отауын тігіп, түргенде отан түңлігін,

Тірлігін елдің тоздыра алмақ кім бүгін?.
Бейбіт ел болдық көңлінен ана шер кеткен,

Шаттықтың әні шырқалды бүгін жер, көктен.

Көшпелі жәйін кигіз үйімен белгі еткен,

От басы мені майданға салды жөргектен.

 

Намысқа жанын, қылышын қанға суарып,

Ерлерім өткен елдігі үшін ту алып.

Тұлпардың ізі тоздырған дала қуарып,

Парланған қанға аспаным менің жылыуық.

Өлілер үнін естимін кейде бір ауық.

 

Қорлануы өлім, тілменен діні, салтыңның,

Арымен жаны тәуелді оған әр кімнің.

Айбынын жырлап азаттық тіккен ар тудың,

Майданындамын халқымның.

Ождансыз елдің түсінер дейсің нарқын кім?.

 

Ел үшін десе еңсеңді име есіл ер,

Бабадан мұра аманат саған несібе ол.

Ие боп мынау даланың дарқан төсіне өр,

Керісті күнде кеудеңнен қанды кешіп өл.

 “Қамшы” сілтейді

Пікір

  1. Гүл:

    Рухты жырлар…

    Жауап беру

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған