Талапбек Тынысбек. Келіспесе көңілдің күйі кейде

Келіспесе көңілдің күйі кейде,
Кінә тағып жүреміз дүйім елге.
Бірі төрге сүйрелеп бірі көрге,
Сүйінем де қоямын күйінем де.

Алақанмен тосқандай жүзін күннің,
Жаба тоқып жасырам мінін кімнің?
Әләуләйі әлдилеп бүгінгінің,
Сөзін айтам сандырақ бұрынғының.

Жылау көрген кезім көп, шыдам жеңген,
Шежіресін шертеді жырау кеудем.
Өтіп жатқан өмір ай бұғаулаумен,
Жауабы жоқ зымырып сұраулармен.

Жуындыңды аңдыйды ел, жырындыңды,
Сырың кімді толқытар, жырың кімді?!
Үйім гүлді болғанмен, миым мұңлы,
Ғұмыр құнды болмады-ау, тиын ғұрлы!!!

Пікір

  1. Гүл:

    Өлеңдеріңізде өзіңіз сияқты билік…

    Жауап беру

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған