Талапбек Тынысбекұлы. Қос реліс үстінде

Ауылдың сырт жағынан өтетін талай жылдар ізін жасырған көне темір жол төсеніші  болған қатарласа тізілген ағаштарды санай, екі реліске екеуі шығып алып жүріп келеді. Бір-біріне қолдарын созғанмен жетпейді, енді іліне бергенде релістен түсіп кетеді. Бейне төсеніші бір, тірлігі бөлек қос реліс тағдырларын алға сүйреп келе жатқандай. Бұл жолға әдейі қызық көріп Гүли ертіп келген еді.  Кейде қызық деп қялыңды қыдыртқан құбылыстардың әлде қайда жетелейтіні барғой.

Қос реліс арасындағы орқыш-орқыш төсеніштер мен тас кесектері Гүлидің аяғын қағып жүргізбейді, қайта –қайта сүрінте береді, реліске шыққанмен екі жағына кезек толқып оданда әзер жүреді. Қатарлас төсеніштерді санай басып ұзап кеткенін Гүлидің тоссаңшы мені,- деген даусымен артына бұрылған кезде сезінген Абзал оған аяй қарады. Ол ой түкпіріне жасырынған, көптен көңіліне бүккен бір сырын оған бүгін қалай жеткізіудің ретін келтіре алмай мазаланулы болатын. Гүлидің ынтық жүрегінде ешбіркүдік жоқ, Абзалға деген сенім мен сезім жетегінде сыңғырлай күліп, айғайлап қояды.

-Абзал, ақырын жүрші….жанына жақын келген Гүлидің жанарынан әлде нені сезгісі келгендей тесіле қараған Абзал оны аяп кетті. Айтар ойын көңіліне бүгіп, күрсініп жіберді.  Қашанда қағылез қыз жүрегі оның бұл қиналысын мүлт кетірмеді, сүйтті де санасын дір еткізген суық күрсіністің мәнін білгісі келгендей  Абзал, неге күрсіндің? Не болды жаным? Айтшы маған,- деп қиыла өтінді, өзінен көз алмай қарап тұрған оның дәл осы сәткі мұңлы жанарынан тайсағандай кеудесіне басын төсеп. Абзал үндемеді, тек құшағындағы сүлу қызға үнсіз ұмсынып, құшағына тарта берді. Өршелене тулаған өршіл жүрек, қыз лебінен қызу алғандай  бүлк, бүлк етеді.

Абзал осы бір туған жер топырағындағы тұңғыш сүйген сұлуымен соңғы кездесуім осы болар деп түйген ішінен. Алдағы бұралаң тірлік жолының бір соқпағынан жолығысқан күннің өзінде дәл бүгінгідей емірене құшақ жәйіп табыспаста еді. Сол себепті де ертерек келіп, еркінше сырласып қайтуды, әрі бір жла қош айтуды жоспарлап келген болатын. Себебі, екі күннен кейін ата жұрты болған Қазақстанға қоныс аударып, оқуға аттанбақ. Ал, Гүли болса бір үйдің жар дегенде жалғыз қызы. Әкесі ауданның халық сотында, шешесі бұхалтыр қызыметін істейді. Бір қыз үшін бұл мекеннің де таршылығын тартып отырмаған соң Атажұрт туралы аз ойланатын. Абзалдың Қазақстанға кететінін ертерек білген Гүли ата-анасына өзінің Алматыға оқуға бару ойын айтқанда, бірден қарсы келген олар: е, кімің бар ол жақта? Қиырға қаңғырған қыз басыңа оңайма? Онанда осы жерде жақсы оқып, нәтижелі болсаңда жетер, албаты қиқақтама,- деп түйіп тастаған. Әке-шешесінің ерік бермесін білген Гүли екінші жұмған аузын ашпады. Тек Абзалдың арманына сәттілік тілеп, ақ жолына қызыға қараумен болды. Сондықтан да Абзалдың бағанағы күрсінісін өзінше жорып, іштей сезінген болатын.

Гүли,-деді Абзал оның аққұба жүзіне төгілген құлаң шәшін салалай тарап.

-менің Қазақстанға кетер  уақытып болды, енді екі күннен кейін жолға шықпақпын, бүгін екеміздің ең соңғы сезім құшағымыздың қауышуы болар. Алдағы болашағыма бақыт тілеп, тағдырыңды теліген пәк сезіміңе борыштармын. Мен сені сүйем. Бірақ, тірлік жолы біздің еркімізге бағынбады. Кешір мені. Екеміз қосыла алмайтын болдық жаным Гүли… Абзал сөзінің соңын айта алмады, даусы дірілдеп шықты. Өзін босатқысы келмегендей еріндерін жымқыра тістеніп тұрды. Абзалдың әр сөздерін сабырмен салмақтаған Гүли соңғы сөздерге шыдамады.

-Абзал, тыңдашы мені, біз шынымен қосыла алмаймызба?  Күтші мені ,-деген жан жүрегінің жалынышты үндері үзік-үзік өксік дауыстармен бірге естілді. Ең алғашқы жігіт құшағына тәнін бөлеген пәк махаббатынан бұлай адасарын ойламаған. Тек, мәңгілік бақыт еншім Абзал деп сезінетін. Тарам-тарамтағдыр бұрымдарының қалтарыс соқпақтарының  қызығыңды ұмыттырып, қан жұттырып кете беретінін балауса бойжеткен білмеген ді.

Бұл екеуі тоғызыншы сыныптың екінші жартысында сөз байласқан, содан бүгінге дейін бір жарым жыл болды. Осы бір жарым жыл бұлар үшін ең  бір бақытты, қайталанбас қызықты шақтары болатын. Кімнің де болмасын алғаш сезімін оятып, жүрегін  тербеген сол бір бал бақыттың, тұмса сезімнің орнын өмір бойына көрген қуаныш, шаттығы толтыра алғанба?. Бұларда соны сезеді, соған өкінеді.

Абзал Гүлидің жанарына боталаған жас тамшыларын қолымен еменс ернімен құрғатты, оның қой көздерінен қомағайлана өпті. Кім білсін, Гүлидің көзінен шыққан күйіктің жасы, көкірегімнің көліне айналсын дегені ме?.

Гүли, кешір мені. Мен сені мәңгі ұмытпаймын. Қайда жүрсемде сені есімнен шығармаймын. Қош бол жаным,- деген  Абзалдың соңғы сөздері  Гүлидің  санасына тұманданып естілді. Нәзік алақанымен Абзалдың жуан қолдарын қатты қысып қоштасты.

Абзал, мені ұмытпа. Сен менің мәңгі жүрегімдесің. Сүйем сені,- деген Глйдің дауысы бір талай жерге дейін Абзалдың құлағына жаңғырығып естілді.

Алтай тауының әлде бір қойнауынан шығып, ауыл аспанын тіле ұшып, қиыс батысқа бет дүзей сұңқылдаған жалғыз аққуға арманының әнін жалғап жылаған Гүли алыстап бара жатқан Абзалдың соңынан ұзақ қарап темір жол үстінде тұрып қалды. Бейне доңғалағы тірлік релісінен шығып, жарға тірелген өмір пойезін қалай жолға салудың амалын таба алмай қиналғандай.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған