Талапбек Тынысбекұлы. Аза жыры

Қайырлы болсын қазаң қазақ елі,

Еседі атыраптан аза желі.

Топ тобыңмен торғайдан қырылатын,

Ажалың да недеген ғажап еді?!

 

Берген кезде таңырым басқа бақты,

Қайғы торлап алғаны-ай қас қабақты.

Сақалдыны салдаттар топтап атты,

Салдаттарды самолот отқа жақты.

 

«Тіріні темір жеген» ғасыр көрдік,

Алаштың қартын көмдік,

жасын көмдік.

Біріңді бірің атып сұлатқанмен,

Бұл емес біз сыналар ақырғы ерлік.

 

Қазағыма қашанда ажал үйір,

Қай ақының қуанып жазады жыр?.

Жетім жесір сүреді нала ғұмыр,

Құрғамаған жылаудан жанары бір.

 

Зарланады аналар қарғанады,

Қайыстырып қайғысы қаймананы.

Қара жолдың жиегі толған қабыр,

Тіріден өлісі көп, таң қаламын!!!

 

27.12.2012 ж

Пікір

  1. қарындас:

    «Тіріні темір жеген» ғасыр көрдік,

    Алаштың қартын көмдік,

    жасын көмдік… деген жолдар жақсы шыққан. Заман емес адам азғындап бара жатқан секілді…

    Жауап беру

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған